Шымкент мешітінде намаз кезінде ұрлық жасалды (ВИДЕО)

Шымкент мешітінде намаз кезінде ұрлық жасалды (ВИДЕО)

Шымкент мешітінде намаз кезінде ұрлық жасалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкенттік полицейлер мешітте екі ұялы телефонды ұрлаған ер адамды ұстады деп жазды turkystan.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызданған қала тұрғыны мешітте зарядталып тұрған Samsung маркалы ұялы телефоны жоғалғанын хабарлаған. Оқиға орнына барған полицейлер бірден куәгерлерден жауап алып, бейнекамераларды қарап шыққан. Видеода кешке мешітке келген ер адам жұртпен бірге намаз оқығандай сыңай танытады. Бірақ бәрінің соңында тұрған. Жиылған жұрт сәждеге бас қойғанын пайдаланып, зарядталып тұрған ұялы телефонды ұрлап кеткен. Сондай-ақ дәрет алатын жердегі тағы бір ұрлығы да видеоға түсіп қалған. Ұсталған ер адам 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, бірнеше рет жасалған ұрлық әрекеті үшін 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.