Жаңалықтар

Шымкент мешітінде намаз кезінде ұрлық жасалды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Шымкент мешітінде намаз кезінде ұрлық жасалды (ВИДЕО)

Шымкенттік полицейлер мешітте екі ұялы телефонды ұрлаған ер адамды ұстады деп жазды turkystan.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Еңбекші аудандық полиция басқармасына арызданған қала тұрғыны мешітте зарядталып тұрған Samsung маркалы ұялы телефоны жоғалғанын хабарлаған. Оқиға орнына барған полицейлер бірден куәгерлерден жауап алып, бейнекамераларды қарап шыққан. Видеода кешке мешітке келген ер адам жұртпен бірге намаз оқығандай сыңай танытады. Бірақ бәрінің соңында тұрған. Жиылған жұрт сәждеге бас қойғанын пайдаланып, зарядталып тұрған ұялы телефонды ұрлап кеткен. Сондай-ақ дәрет алатын жердегі тағы бір ұрлығы да видеоға түсіп қалған. Ұсталған ер адам 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты.