Жаңалықтар

Мәжілістегі Nur Otan фракциясы алдағы басымдықтарды анықтады

ашық дереккөзі

Мәжілістегі Nur Otan фракциясы алдағы басымдықтарды анықтады

Мәжілістегі Nur Otan фракциясының отырысы өтті. Отырыста Ерлан Қошанов Мәжілістегі Nur Otan фракциясының жетекшісі болып сайланды. Мәжіліс спикерінің кандидатурасын вице-спикер Павел Казанцев ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Өз кезегінде Палата спикері депутаттарға фракция жетекшісі ретінде қолдағандары үшін алғыс білдірді. Ерлан Қошанов фракция жұмысын жаңа деңгейге көтеретінін айтып, мемлекет басшысы, Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтардағы Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде фракция жұмысын қайта бастау туралы тапсырмасына ерекше назар аударды. Фракция басшысы өз сөзінде партия төрағасының қойған 7 басым бағытына және оған түбегейлі реформа жасап, қайта құру қажеттігіне назар аударды. Палата төрағасы барлық депутат сенім мандатын алып, көпшілік депутаттар праймериз арқылы өткендіктен, өңірлердің тіршілігін жақсы білетінін алға тартты. Сонымен қатар, бұл аймақтардағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беретініне тоқталып өтті. Отырыста Мәжіліс спикері фракция алдында тұрған жаңа міндеттерді ескере отырып, заң жобалау қызметінің сапасын, депутаттық сауалдардың өзектілігін арттыру, талдау және өңірлердегі жұмыс мәселелері бойынша партияның Орталық аппаратымен өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырып, фракция депутаттары ақпараттық жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік желілерге де баса назар аударуы керек екенін айтты.