Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды

Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды

Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Бұған дейін әлеуметтік желіде BMW жүргізушісінің бағдаршамға тоқтаған кезде есікті ашып, жолға қалай түкіргені түсірілген видео жарияланған болатын. Видео авторы бұл жүргізушінің бірнеше рет осылай жасағанын айтып, шағымданған.
«Осы жазба Instagram әлеуметтік желісінде 6 ақпанда жарияланды. Тексеру патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзған ер адам анықталып, әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды», - деп жазды ол.
Рустам Әбдірахманов дерек ӘҚБтК-нің 620-бабы, 1-бөлігі («Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу») бойынша қарастырылғанын айтты.