Жаңалықтар

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін 16 жыл қажет

ашық дереккөзі

Қарапайым қызметкерге үй сатып алу үшін 16 жыл қажет

2016 жылы жалдамалы қызметкерлердің ақшалай табысы өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға азайған. Бұл Қазақстан өңірлерінде тұрғын үй сатып алушылар санының төмендеуіне әсер етіп отыр, деп хабарлайды ranking.kz. Сатып алу қабілеттілігінің бәсеңдеуі ресми түрде жұмысқа тұрғандар санының өсуімен де байланысты. Себебі бір жылда жалдамалы жұмысшылардың саны 40 мыңға артқан. Ал Қазақстанда тұрғын үй қымбат екенін ескерсек, өңірлерде орташа табыс табатын қызметкерге 1 бөлмелі пәтер сатып алу үшін минимум 16 жыл қажет. Сондай-ақ, өңір тұрғындары үшін жеке тұрғын үй сатып алуға арналған несие жүйесі де тиімсіз. Екінші деңгейлі банктерден ипотекаға 17% мөлшерлемемен 15 жылға  үй алу үшін жұмысшы ай сайын жалақысының 62%-ын немесе 80 мың теңге жұмсауы керек. Өңірдегі жұмысшылар үшін тұрғын үй сатып алудың бір жолы — 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тұрғын үй несиесін алу. Кредиттің жылдық мөлшерлемесі — 4% және мұндай кредит арқылы өңірде жұмыс істеп жатқандар үй сатып алу үшін айлық табысының 30%-ын немесе  38 мың теңге жұмсайды.