Шатыры 4 рет ұшып кеткен үйдің тұрғындары ашулы (ВИДЕО)

Шатыры 4 рет ұшып кеткен үйдің тұрғындары ашулы (ВИДЕО)

Шатыры 4 рет ұшып кеткен үйдің тұрғындары ашулы (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырау облысында  көпқабатты үйдің бір емес, төрт мәрте  шатыры ұшып кеткен. Бұл жұрттың ашуын туғызды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Тұрғындардың айтуынша, төбеге жүргізілген жөндеу жұмыстары  сапасыз. Шатырсыз қалған  үй сыз тартып, пәтерлердің қабырғалары суланып кеткен. Тұрғындар былтыр жазда әкімдікке барып, көмек сұрапты.  Алайда атқамінерлер 5 жыл бұрын шатырдың жөнделгенін айтып, олардың шағымына құлақ аспаған көрінеді. Ал Гүлбану Бисенқызының айтуынша, бір жолы шатыр электр бағанына құлаған, ал баған оның ұлының көлігінің үстін басып қалған. Бірақ оның шығынын ешкім өтемеген.
«Төртінші рет болған жағдай. Сапасыз салынады. Дұрыстап қадағаланбайды, дұрыстап істемейді. Күн күркіреп, дауыл соққан күні анау шатырдың тарсылынан жүрегің ұшады. Кеше де шала-пұла істеп жатты. Біздің айтқанымызды құлағына да іліп жатпаған секілді», - деді Гүлбану Бисенқызы.
Аудан әкімдігіндегілер шатыр сапасыз жөндеуден емес, үй желдің өтінде орналасқандықтан жиі ұшып кететіндігін айтып отыр. Олардың айтуларынша, 2016 жылы төбенің бір бөлігі ғана бүлінген, соған байланысты жай жөндеу жүргізілген. Ал биыл күрделі де сапалы жұмыс істелгенін айтады. Бірақ баған астында шаншылған автокөлік Арменияда тіркеуде тұрғандықтан, өтемақы төленбейтінін жеткізді.
«Жалпы желдің өтінде тұрған үй. Сол себептен болу керек. Бұрын ұшқанда жартылай ұшқан. Қазір жобасы жасақталып жатыр. ЧС арқылы қаржы бөлінеді. Қазір бірінші кезекте демонтаж жұмыстарын  жүргізіп, тазалап жатыр», - деді Индер ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев.