Тоқаев Бердімұхамедовтің Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды

Тоқаев Бердімұхамедовтің Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды

Тоқаев Бердімұхамедовтің Президент сайлауын өткізу туралы шешімін қолдайды
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедов екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың перспективаларын, оның ішінде Қазақстан Президентінің былтырғы қазан айында Ашхабадқа жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Президенттер өзара сауда-саттық көлемінің артқанына, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың жанданғанына көңілдері толатынын тілге тиек етті. Әңгіме барысында қос елдің Президенттері бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейту ниеттерін жеткізді. Сондай-ақ, әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Президентке үтік жібермек болған азамат жауапқа тартылды