Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген. Еңбек өтілі: 2001-2003 жылдары - Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі. 2003-2007 жылдары - ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің Кеңесшісі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі. 2007-2008 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі. 2008-2016 жылдары - «Қазтрансойл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2016-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып келген.