Сабақ кезінде мектептің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

Сабақ кезінде мектептің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

Сабақ кезінде мектептің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оқиға 11 ақпан күні түс ауа Тәжікстанның Хатлон облысы Абдурахмони Джоми ауданына қарасты Вахдат ауылындағы №31 мектепте оқу процесі кезінде болған деп хабарлады turkystan.kz. «Шатырдың бір бөлігі опырылып, ғимараттың қабырғалары қирай бастады», деп жазылған Asia-Plus таратқан хабарламада.
«Жұма күні сағат бестер шамасында 7-сынып оқушылары сыныптағы қабырғадан сылақтың қалай құлай бастағанын байқап, бұл туралы мұғаліміне хабарлады. Бірден балаларды ғимараттан шығара бастадық. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», -  деді мектеп директоры Мұстафо Балажанов.
Оның айтуынша, директор кабинеті, бір сынып және мұғалімдер бөлмесі қирап қалған. Бұл мектеп ғимараты 1957 жылы пайдалануға берілген. Ғимараттың қирандыларын шығаруды қадағалаған Джоми ауданы білім бөлімінің басшысы Хасан Табаров ғимараттың шынымен апатты жағдайда екенін, оны бұзатындарын айтты. Алайда, мектеп директоры да, аудан басшысы да балалардың апатты ғимаратта неліктен оқуын жалғастырғанын түсіндірмеді.