Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)

Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)

Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғыны қару-жарақ жасырған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы Жаңатұрмыс ауылындағы тұрғын үйдің ауласынан жасырылған автомат, газ тапаншалар мен оқ-дәрілер табылды деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың бір бөлігін Жаңатұрмыс ауылынан тапты.
«Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру кезінде пакеттерге салынған «Калашников» автоматын, 3 травматикалық газ тапаншасын, автоматқа арналған 76 және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 оқ-дәрі тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады», - деді ІІМ өкілі.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі («Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.