«Оларды шақырған жоқпыз»: Энергетика министрі майнерлер туралы айтты

«Оларды шақырған жоқпыз»: Энергетика министрі майнерлер туралы айтты

«Оларды шақырған жоқпыз»: Энергетика министрі майнерлер туралы айтты
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде орын алған электр энергиясының тапшылығы, ведомствоның майнерлерді Қазақстанға шақырмағанын айтты деп жазды turkystan.kz. Шара барысында тілшілер министрге майнерлерге қатысты бірнеше сұрақтар қойды. «Түптің түбінде,  бәрі майнерлерді тарту әрекеті, олардың Қазақстанға келуі электр энергиясының тапшылығына әкелетінін білсе, оларды неге тарттық? Неге шақырдық?» - деді журналист.
«Энергетика министрлігі елге ешқандай майнерлерді шақырған жоқ. Оның үстіне, бұл тапшылыққа әкелетінін білсек, шақырмас едік. Себебі негізгі міндетіміз – жүйенің үздіксіз жеткізілуін және сенімділігін қамтамасыз ету. Әрине, бұл бізге қойылатын сұрақ емес. Еркін нарық, солай келген шығар. Оларды кім шақырғанын білмеймін. Мүмкін оларды шақырудың, арнайы шақырту берудің қажеті де жоқ шығар. Қалай болғанда да елімізге келді. Оларды Энергетика министрлігі ретінде шақырған жоқпыз», - деп жауап берді Болат Ақшолақов.