Алматылық экскаваторшы «Голос Украины» шоуында жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Алматылық экскаваторшы «Голос Украины» шоуында жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Алматылық экскаваторшы «Голос Украины» шоуында жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Отандасымыз Димаш Дәулетов «Голос Украины» шоуының 12-маусымына қатысты. Ол байқаудың 4-шығарылымында Whitney Houston-ның I Have Nothing әнін орындады деп жазды turkystan.kz. 27 жастағы жігіттің айтуынша, ол ән айтуды бала кезінде бастаған. Алайда ата-анасының айтуымен колледжге экскаватор мен бульдозер жүргізушісі мамандығына оқуға түскен. Төрт жыл Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде экскаваторшы болып жұмыс істеген.  width=
«Бұл сахнаны көптен армандадым. Дауысым дірілдеп тұрды. Қатты уайымдадым, өйткені бүкіл Қазақстан көреді. Оля Полякова бұрылғаннан кейін сенімді айта бастадым. Сахнаға шықпас бұрын берген сұхбатымда егер 4 тәлімгер түгел бұрылса, олардың рекциясына қарап, кімге баратынын таңдайтынымды айттым», - деді Димаш Дәулетов.
Айтқанындай болды. Болашағы бар әншіге 4 тәлімгер де бұрылды. Сөйтіп, Димаш үшін нағыз күрес басталды. Тәлімгерлердің әрқайсысы жас жігіттің өзін таңдағанын қалады. Бірақ ол Оля Полякованың командасын таңдады.
«Мені қатты қуанттың. Рақмет! Сенімен бірге жұмыс істеу үлкен қуаныш әрі құрмет. Сен қазір де дайын әртіссің. Өте дарынды әртіс. Тек аздап бағыттап жіберу керек. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», - деді Оля Полякова.