Алматылық экскаваторшы «Голос Украины» шоуында жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Алматылық экскаваторшы «Голос Украины» шоуында жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Отандасымыз Димаш Дәулетов «Голос Украины» шоуының 12-маусымына қатысты. Ол байқаудың 4-шығарылымында Whitney Houston-ның I Have Nothing әнін орындады деп жазды turkystan.kz.
27 жастағы жігіттің айтуынша, ол ән айтуды бала кезінде бастаған. Алайда ата-анасының айтуымен колледжге экскаватор мен бульдозер жүргізушісі мамандығына оқуға түскен. Төрт жыл Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде экскаваторшы болып жұмыс істеген.