Қысқы Олимпиада: фристайлшы Ақмаржан Қалмырзаева финалға шықты

14 ақпан, 2022 / Нұрлан Әлинұр
ашық дереккөзі
Қысқы Олимпиада: фристайлшы Ақмаржан Қалмырзаева финалға шықты Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстандық Ақбота Қалмұрзаева үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге өтті деп хабарлады turkystan.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.  Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап, көш бастады. Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ. Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.