Жаңалықтар

Жапонияда соңғы 5 жылдағы ең жойқын зілзала болды

ашық дереккөзі

Жапонияда соңғы 5 жылдағы ең жойқын зілзала болды

Бүгін түнде, Астана уақыты бойынша 02:59-да(жергілікті уақытпен сағат 05:59) Жапонияның Фукусима шығыс перфектурасының маңында (Хонсю аралы) магнитудасы 7.3-7.4 баллдық жер сілкінісі болды. NHK телеарнасының хабарлауынша, мұндай жойқын зілзала Жапонияда 2011 жылдан бері болмаған.

Көз жұмғандар мен зардап шеккендер және келген шығын туралы әлі ақпарат жоқ.Жағалау маңындағы бірқатар елді мекендерде цунами қаупі жарияланып, адамдардың биік орналасқан жерлерге көшу керектігі айтылды. Толқын биіктігі үш метрге дейін барады деп болжанған. Дегенмен, жер сілкінісінен кейін кей жерлерде толқын 1,4 метрге дейін, ал Фукусима атом станциясы маңында бір метрге дейін ғана көтерілді.

Елдің солтүстік-шығысында "синкансэн" жедел пойыздары уақытша тоқтатылды. Ондаған әуе рейстері шегерілді. Куәгерлер сейсмикалық толқыннан су деңгейі көтерілген өзен ағысы ауысып, кері аққанын телефонның камерасына түсіріп алған.