Жаңалықтар

«Сүндетке отырдық...»: неке қию рәсіміндегі жігіт мұсылман екенін басқаша «дәлелдеді» (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Сүндетке отырдық...»: неке қию рәсіміндегі жігіт мұсылман екенін басқаша «дәлелдеді» (ВИДЕО)

Интернетте жастардың неке қию сәтінде түсірілген видео тарады деп хабарлады turkystan.kz. Имам жігітке «Сіз мұсылмансыз ба?» деп сұрақ қойған. Жігіт «Иә, мұсылманмын» деп жауап берген. «Мұсылман екеніңізді қалай дәлелдейсіз?» дегенде, жігіт имамға «Туғанда сүндетке отырдым» деп ойланбастан жауап бере салған. Бұл жауабына қанағаттанбаған көпшілік оны сынай жөнелді. «Сүндетке отырғаныңызды дәлелдеңіз десе, шалбарын шешіп көрсететін түрі бар ғой мынауыңның», «Келін сүндетке отырмаған, мұсылман болмай ма сонда?», «Неге күлесіңдер, жылау керек» деп жазды көпшілік.