Ішкі істер органдарының есебіне 70 мың азамат алынған

Ішкі істер органдарының есебіне 70 мың азамат алынған

Ішкі істер органдарының есебіне 70 мың азамат алынған
ашық дереккөзі
Заңға қайшы әрекет жасаған 70 мың қазақстандық ішкі істер органдарының есебінде тіркеуде тұр деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оразәлиеваның мәлімдемесін басшылыққа алып.
«7-13 ақпан аралығында «Профилактикалық бақылау» атты республикалық жедел профилактикалық шара өтті. Осы уақыт аралығында ішкі істер органдарының есебінде тұрған 70 мың азамат тұрғын мекен-жайы бойынша тексерілді. Оның ішінде мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 5 мың азамат болса, 1 мың азаматқа әкімшілік бақылау бекітілген және жазасын қоғамнан алшақтамай өтеу белгіленген 20 мың азамат бар. Жедел шара нәтижесінде 2 мыңнан астам адамның заң бұзғаны анықталды және 4 азаматқа қатысты әкімшілік бақылауға бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр», - деді Әйгерім Оразәлиева.
Сондай-ақ брифинг барысында азаматтардың теріс қадамға бару себептері айтылды.
«Сот шешіміне сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 19 адам кері қайтарылды. Сонымен қатар ішкі істер органдарының тіркеуінде тұрған 76 азаматтың қайда жүргені анықталды. Адамдардың құқық бұзуының негізгі себептері – ішімдік ішу, жұмыссыздық, құқықтық сауатының төмендігі және болған істен сабақ алмау. Осы орайда, мәселені шешу жолында ішкі істер органдарының мамандарымен қатар жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері іске тартылды», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, 600 сотталушыны еңбекпен қамту үшін халықты әлеуметтік қорғау бөліміне ресми хат жіберілген.