Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етушілер көбейді

Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етушілер көбейді

Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етушілер көбейді
ашық дереккөзі
Интернетте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қызметінен босатуды талап ететін петиция пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Петицияға қазіргі уақытқа дейін 1657 адам қол қойған. Оның авторлары барлығы 100 мың адамның қолын жинауды мақсат еткен. Олардың айтуынша, азаптауға, түрлі заңсыздықтарға жол берген министр Ерлан Тұрғымбаев отставкаға кетуі тиіс.
«06.01.2022 жылы кешкі уақытта «Халық террорист емес» деген үлкен жазумен алаңда тұрған бейбіт халыққа ескертусіз оқ атылды деген шағымдар мен хабарламаларды, дәлелдерді жіті тексеру қажет. Дәлелденген жағдайда бейбіт халыққа оқ атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Сондай-ақ, 07.01.2022, 08.01.2022 жылы өлтірілгендердің қандай жағдайда, кімнің қолынан қаза тапқандарын толық анықтау керек. Ауыр қылмысқа қатысы жоқ митингке қатысқандардың бәрін түгелдей бостандыққа шығару керек», - делінген петицияда.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандықтар азаптауларды тоқтатуды талап етіп жатыр