Жаңалықтар

«Бес әйел алам»: Арман Әшімов арманын айтты

ашық дереккөзі

«Бес әйел алам»: Арман Әшімов арманын айтты

Ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әшімов бала кездегі арманы туралы сөз қозғап, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Бұл туралы  спортшы Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Мен 3 жасымда «бес әйел алам» дегенімді білемін. Ол уақытта шариғатты білмейді екенбіз. Негізі, төртеу екен ғой (күлді). Бала кездегі арманым сол еді. Бала-шағам көп болғанын қалайтынмын. Ал қазіргі арманым - бір отбасының мықты отағасы болу, балаларыма жақсы тәрбие беру», - деп ағынан жарылды Арман Әшімов.