Президент «Қаңтар қасіретінің» 40 күндігіне орай құрбандық шалды

Президент «Қаңтар қасіретінің» 40 күндігіне орай құрбандық шалды

Президент «Қаңтар қасіретінің» 40 күндігіне орай құрбандық шалды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне арнайы барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың 40 күндігіне орай олардың рухына Құран бағыштап, құрбандық шалды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, Құран бағышталған соң Мемлекет басшысы мешітте халыққа Үндеу жолдаған. Айта кетсек, тәртіпсіздік кезінде барлығы 225 адам мәйітханаға жеткізілген. Оның 19-ы – полиция және әскери қызметкер. 4,5 мыңнан астам азамат зардап шексе, олардың ішінде балалар да бар.