«Бас мүфтидің бас есепшісі шариғатқа сай киінбейді» - Әлімбеков

«Бас мүфтидің бас есепшісі шариғатқа сай киінбейді» - Әлімбеков

«Бас мүфтидің бас есепшісі шариғатқа сай киінбейді» - Әлімбеков
ашық дереккөзі
Қаңтар қырғынында бас мүфти мен бас есепшісі Дубайда жүрді деген қауесет көптің көңіліне күмән ұялатқан. Бұл туралы журналист Ораз Әлімбеков «Майдан» бағдарламасында айтқан, деп хабарлады turkystan.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл жерде бір мәселе бар – бас есепші мысалға. Ол кісіге дейінгі бұрынғы бас есепшіні шариғатқа сай киінбейді деген себеппен жұмыстан шығарған. Ал қәзіргі есепші одан да сорақы. Мен оны жалаңаш жүр деп айтпаймын. Енді мүфтияттың ұстанымындағы шариғатқа сай деп айта алмаймын», - дейді журналист.
Сондай-ақ ол кейін бас мүфтидің қаржыға қатысты мәселесін де айтты. Өзі оның бәрін зерттеп жатқан көрінеді. Арасында қорларға қатысты мәселе де бар. мүфти
«Бас мүфтиге қатысты зерттеу ҚМДБ бас есепшісінің төңірегіне қарай ойысты. Оған дейінгі бас есепші болған әйел «жұмыста орамал тартса да, түзде орамалсыз жүреді, шариғат талабына сай киінбейді» деген желеумен қызметінен шеттетілген. Ал оның орнына аттай қалап шақырып алған жап-жас бас есепші тіпті ашық-шашық жүреді. Ол наиб мүфтилермен, имамдармен иық тірестіріп халықаралық конференцияларға да барып жүр. Патриархалды ұйымда осындай қылық жасауға бола ма? Мұнда қандай гәп?» деп жазды журналист Facebook-тегі парақшасына.