Екібастұздық «мауглилердің» 1 жасар бөлесі де аш халде табылды

Екібастұздық «мауглилердің» 1 жасар бөлесі де аш халде табылды

Екібастұздық «мауглилердің» 1 жасар бөлесі де аш халде табылды
ашық дереккөзі
Екібастұзда еріктілер пәтерлердің бірінен денелері ісініп, аяқ-қолдары бұралып, жүре алмай, аш қалған 4 кішкентай баланы тапқан болатын. Одан кейін еріктілер осындай тұрмысы нашар отбасылар туралы хабарлауды сұраған. Көп күтпей қоңырау да келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Хабарламада ауылдардың бірінде маскүнем ана баласын үнемі суық үйде тастап кетіп отырғаны айтылды. Онымен қоса үйде баланың анасының әке-шешесі де тұрған. Олар да ішікіш көрінеді. Бала өзімен-өзі суық үйде тоңып қала берген», - дейді еріктілер.
Ең қызығы, еріктілер бұл отбасының екібастұздық «мауглилердің» туыстары екенін анықтаған.
«Бір жасар баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды және оның Екібастұзда қиын жағдайда табылған 4 баланың анасының сіңлісі екені белгілі болды», - деп мәлімдеді еріктілер.
Олар дереу мемлекеттік органдармен байланысқа шығып, мекенжайға арнайы топ келген. Бір жасар бала құтқарылды. Қазір ол да бөлелері сияқты ауруханада жатыр. Анасы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тағы оқи отырыңыз: Екібастұзда 4 бала 3 күн бойы аш-жалаңаш отырған (ВИДЕО)