Ақтауға зорланған бүлдіршін көз жұмды

6 тамызда Ақтауда зорланған Вика есімді бүлдіршін бүгін Астанадағы Ана мен бала орталығында жантәсілім етті. Алты жасар қыздың деп қазасы жайлы қаралы ақпарды «Лада» хабарлады.

Қыз баланың қайтыс болғанын тілшілерге дәрігерлер мәлімдеген. Викның өлімі туралы ақпаратты University Medical Center корпоративтік ұжымның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұдан бұрын Ана мен бала ұлттық орталығының University Medical Center корпоративті қорының филиалына ресейлік профессор Сергей Царенко келгені хабарланған болатын. Оның сапары аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізілген.

 Ол «мидің өлімі» диагнозын растаған. Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ. Қылмыс жасады деген күдік бойынша өз кінәсін мойындамай отырған ер адам қамауға алынды.

Естеріңізге салайық, 6 жасар Виканы биыл тамыз айында Ақтаудағы саяжайлардың бірінде педофил зорлап кеткен болатын. Қылмыскер сәбиді дүкеннен алдап алып шыққаны белгілі. Алған ауыр жарақаттары салдарынан кішкентай қыз ес-түзсіз ауруханаға жеткізілген. Содан бері ол есін жимаған еді.

Back to top button