Дәурен Абаев бірнеше театрдың директорларын ауыстырды

Дәурен Абаев бірнеше театрдың директорларын ауыстырды

Дәурен Абаев бірнеше театрдың директорларын ауыстырды
ашық дереккөзі
Бір ай бұрын ғана Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған Дәурен Абаев бірнеше театрдың басшыларын ауыстырды деп хабарлады turkystan.kz. Кешелі бері министр әлеуметтік желіде бірқатар театрға жаңа басшы тағайындағанын жазды. Бұған дейін елдордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарып келген Жұматаев Ернар Құрбанбекұлы қызметінен босатылып, орнына еліміздің беделді театрларында басшылық қызмет атқарған Жаудыр Айболат Жанғалиұлы тағайындалды. Сондай-ақ Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрын ендігіде Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы басқарады. Сонымен қатар Алматыда орналасқан           Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып Есеналиев Талғат Қамқабайұлы тағайындалды. Мәдениет ошақтарының жұмысымен танысуға барып, басшыларын ауыстырып жүрген министрдің енді қай театрға атбасын бұратыны әзірге белгісіз. Оқи отырыңыз: Дәурен Абаев спортшыларға допингсіз, жанжалсыз өнер көрсетуді міндеттеді