Ойынқұмар жігіт 75 млн теңгесінен айырылып қалды (ВИДЕО)

Ойынқұмар жігіт 75 млн теңгесінен айырылып қалды (ВИДЕО)

Ойынқұмар жігіт 75 млн теңгесінен айырылып қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістан облысының тұрғыны карта ойнап, 75 млн теңгесінен айырылып қалған. Сосын өзі жоғалып кеткен деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Ойынға құмартқан Төлеби ауданының тұрғынын полицейлер бір аптадан кейін әрең тапқан.  30 жастағы  ұлын анасы төрт күн өзі іздеген. Содан кейін баласының із-түзсіз кеткенін айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрапты. Жоғалған жігіт Алматыдан табылды. Ол ақшаны қарызға алған және оны қайтара алмайтын болғандықтан бас сауғалаған.
«Адам жоғалу» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, республика көлемінде іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде Төлеби АПБ қызметкерлерімен жоғалған адамның Алматы қаласында жүргендігі анықталып, Төлеби полиция бөліміне жеткізілді», - деді Түркістан облысы ПД Төлеби аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Сұлтан Әуелбек.