Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Түркияда конференция өтеді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Түркияда конференция өтеді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Түркияда конференция өтеді
ашық дереккөзі
Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ақпан айының 15-і күні Анкара қаласында халықаралық конференция өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының баспасөз хатшысы Бақытжан Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының ұйымдастыруымен өтетін шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Түркия елдерінен ғалымдар қатысады.
«Жиында халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен басылып шыққан Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесілмек. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректі фильм көрсетіледі», - деп жазылған хабарламада.
Аталған шара 16 ақпан күні Стамбұл қаласындағы «Стамбұл» университетінде жалғасын табады.