Астанада карантинді бұзып, қоғамдық орындарға барғандардың аты-жөні жарияланды

Астанада карантинді бұзып, қоғамдық орындарға барғандардың аты-жөні жарияланды

Астанада карантинді бұзып, қоғамдық орындарға барғандардың аты-жөні жарияланды
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырған елордалықтар үй карантині режимін бұзуды жалғастыруда. Өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамаған «қызыл» статусы бар 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп жазды turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жазбасы жарияланды. Карантин мен оқшаулау режимін сақтау - әркімнің азаматтық міндеті. Өкінішке қарай, әркім өзі, денсаулығы, өзгелердің жағдайы үшін жауап беруге дайын емес. COVID-19 бойынша үй карантинін бұзғаны үшін төмендегі «қызыл» статусы бар астаналықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
  1. Балабек А.Ж.
2. Котляр Е.Я. 3. Байгабыл Р. 4. Алтынбаева С. 5. Жәрдемова А.С. 6. Дауменов К.М. 7. Хасимова Ж. 8. Керімбай Б.Б. 9. Алексей Г. 10. Атантаева С.А. 11. Орал Н.А. 12. Асыл А.Д. 13. Темешова Д.Т. 14. Гафурова А.М. 15. Редкокашин В.Н. 16. Жүсіпалі А.Д. 17. Байкадамова С.Т. 18. Аткельдиярова Д.М. 19. Абанова Р.Б. 20. Рамазанова А.И. 21. Тлебалдиева Г.Ш. 22. Клышева А.А.
«Қызыл» статусы COVID-19 үшін ПТР зерттеуінің оң нәтижесін алған адамдарға беріледі. «Қызыл» статусы бар адамдар өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы тиіс. ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 10 күнді қоса алғанға дейін, ПТР тестілеудің теріс нәтижесі алынған кезде үй карантині 7 күнге дейін қысқартылады. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды пандемияға қарсы шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырады. Медициналық маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, адам көп жиналатын орындарға бармауға тырысу қажет. Әрқайсымыздың өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін саналылық пен тәртіп қажет. Коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация», - делінген әкімдік хабарламасында.