Қазақстандықтардың несиесі 10 триллион теңгеден асты

Қазақстандықтардың несиесі 10 триллион теңгеден асты

Қазақстандықтардың несиесі 10 триллион теңгеден асты
ашық дереккөзі
Ұлттық банк соңғы бір жылда екінші деңгейлі банктердің берген несиесі 26%-ға өскенін мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.
«Банктердің берген несиесі қаңтар айының қорытындысы бойынша соңғы бір айда 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5% көбейіп, 18 497,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін, яғни 3,8%-ға ұлғайған. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың көрсеткіші 3,8%, ал жеке тұлғаларға берілген несиелер 3,9%-ға өсті. Шет ел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге (2,6%) жеткен. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен берілген несиелердің үлес салмағы 89,7% болды. Ұзақ мерзімді несиелердің мөлшері бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін (3,9%-ға), қысқа мерзімді кредиттер мөлшері 2 467,2 млрд теңгеге дейін (2,7%-ға) ұлғайған.