Жаңалықтар

Қазақстандықтардың несиесі 10 триллион теңгеден асты

ашық дереккөзі

Қазақстандықтардың несиесі 10 триллион теңгеден асты

Ұлттық банк соңғы бір жылда екінші деңгейлі банктердің берген несиесі 26%-ға өскенін мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. «Банктердің берген несиесі қаңтар айының қорытындысы бойынша соңғы бір айда 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5% көбейіп, 18 497,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды», - деп хабарлайды Ұлттық банк. Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін, яғни 3,8%-ға ұлғайған. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың көрсеткіші 3,8%, ал жеке тұлғаларға берілген несиелер 3,9%-ға өсті. Шет ел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге (2,6%) жеткен. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен берілген несиелердің үлес салмағы 89,7% болды. Ұзақ мерзімді несиелердің мөлшері бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін (3,9%-ға), қысқа мерзімді кредиттер мөлшері 2 467,2 млрд теңгеге дейін (2,7%-ға) ұлғайған.