BBC Қазақстан туралы жаңа ролик шығарды

BBC Қазақстан туралы жаңа ролик шығарды

BBC Қазақстан туралы жаңа ролик шығарды
ашық дереккөзі
Британдық BBC World News эфирінде Қазақстан туралы кезекті бейнеролик шықты. «Жобаның ерекшелігі сол, біз Қазақстанды 19-ғасырда өмір сүрген британдық географ Томас Аткинсон мен әйелі Люси Аткинсонның көзімен көре алдық. Томас пен Люсидің таңғажайып оқиғасы туралы Англиядағы және бүкіл әлемдегі достарым жақсы біледі. Өкінішке қарай, олардың дені сондай-ақ, қазіргі Қазақстан туралы біле бермейді. Бұл шағын фильмді ең кемі 444 миллион адам (BBC World News телеарнасының халықаралық аудиториясы) көріп, Қазақстанға қызығушылық танытады деген үмітеміз», – деп жазды өзінің Facebook парақшасына BBC Worldwide коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин. Айта кетейік, биылғы шілде-қыркүйек айларында BBC World News Алматы туралы жарнамалық роликтер көрсеткен болатын.