Министр өзінің отставкаға кетуін талап еткен шаруаның үйіне барды

Министр өзінің отставкаға кетуін талап еткен шаруаның үйіне барды

Министр өзінің отставкаға кетуін талап еткен шаруаның үйіне барды
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысындағы шалғай шаруашылықтарды аралап, ірі қара, ұсақ мал және жылқыны азықтандырудың жай-күйін көріп қайтты, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Ол желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда өзіне қызметінен кетуді ұсынған фермердің үйіне де соққан. Шаруаның жылқы мен түйе өсіретіні, бірақ оның малдары есепке алынбағандығы белгілі болды. Егер олар қырылып қалса, иесі мемлекеттен өтемақы ала алмайды. Себебі, оның малдары қағаз бойынша жоқ, еш жерде тіркелмеген. Бұл бір ғана шаруаның басындағы жағдай емес. Өңірде көптеген шаруалар малдарын әлі есепке тұрғызбаған. Төтенше жағдай орын алса, олардың ешқайсысы мемлекеттен өтемақы ала алмайды. Осындай шаруалар субсидия талап етеді. Бірақ министрлік жоқ малға ақша бөле алмайды.
«Ербол Қарашөкеев министр болғалы біз үшінші рет шаруалар үшін «жасыл» дәліз ашып отырмыз: бұл олардың есепке алынбаған малдарын тегін тіркей алатынын білдіреді», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Заң бойынша ірі қара мал туған кезден бастап 2 айдың ішінде есепке алынуы тиіс. Кешіккендер айыппұл төлейді. Алайда, «жасыл» дәліз ашық болса, айыппұл төлеудің қажеті жоқ. Ескерте кетсек, қазіргі «жасыл» дәліз 2022 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін ашық. Жедел деректерге сүйенсек, Қазақстанда бүгінде есепте жоқ 432 мың басқа жуық мал бар.