Сақтандыру жағдайын реттеуді жеңілдететін еурохаттама тәртібі енгізіледі

11 ақпан, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Сақтандыру жағдайын реттеуді жеңілдететін еурохаттама тәртібі енгізіледі Мамандар бұл тетіктің жол-көлік оқиғасы кезіндегі сақтандыру төлемдерін алу барысын барынша жеңілдететініне сенімді деп жазды turkystan.kz. Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің айтуынша, қазір адам зардап шекпеген жол апаты болған жағдайда көлік жүргізушілері сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясын күтуге міндетті. Хаттамалар рәсімделгеннен кейін сот шешімі шығуы керек. Сөйтіп, бұған 2 айдай уақыт кетіп қалады. Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде барлық құжат жылдам ресімделеді. Яғни, полицияның хаттамасы мен сот шешімін тосудың қажеті жоқ. Осыған орай, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы заң жобасын әзірлеуге кіріскен. Оған сәйкес, жол-көлік оқиғасы бойынша сақтандыру төлемін жылдам алу тетігі енгізіледі. Бірақ төмендегідей бірнеше шарт бар: Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі. Айта кетсек, сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі көптеген елдерде кеңінен тараған. Оны «еурохаттама» деп атайды. Бүгінде еурохаттама Еуропада ғана емес, Ресей, Беларусь, Украина, Армения мен Өзбекстан сияқты ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінде бар.