«НЛО-ны көрген қасымдағы 3 жігіт қайтыс болды» - Тоқтар Әубәкіров (ВИДЕО)

«НЛО-ны көрген қасымдағы 3 жігіт қайтыс болды» - Тоқтар Әубәкіров (ВИДЕО)

«НЛО-ны көрген қасымдағы 3 жігіт қайтыс болды» - Тоқтар Әубәкіров (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Журналист Аман Тасыған жүргізетін TalkLike интернет шоуында Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіровпен ашық сұқбат болды деп жазды turkystan.kz. Әңгіме барысында Тоқтар Әубәкіровтің ғарыш туралы ғаламат ойлары және ұстанымдары айтылды. Сонымен қатар, саясат, қоғам, отбасы жайлы көзқарастарын жеткізді. Бір қызығы, осы орайда, ол өзінің «ұшқыш тәрелке» көргенін де айтты. Ол жөніндегі әңгіменің реті мынадай:
«- НЛО-ға сіз сенесіз бе? - Сенемін. - Бар ма? - Бар! Мен өз көзіммен көргем. - Қойыңыз, аға... - Иә. Мен далада жүргенмін. Жап-жарық жұлдызды көрдім. Сағат таңғы 6 кезі болды. Қыстыгүні сол «жұлдыз» айдап маған келді. Жалғыз өзім көргеннен кейін оны біреуге айтсаң, ертегі сияқты. Қасымда 4 жігіт болған. Соның үшеуін ояттым. Үшеуі қарады. Бізге келді (НЛО), содан кейін тез бұрылып кетіп қалды».
Сондай-ақ ғарышкер кейін өзінің осы жайтқа қатысты біраз ойға қалғанын айтты. Себебі өзге ғаламшарлықтардың ұшатын техникасын көргеннен кейін, көп ұзамай, қасындағы жап-жас 3 азамат қайтыс болған.