Путин "Улюкаев ісіне" түсініктеме беруден бас тартты

Путин "Улюкаев ісіне" түсініктеме беруден бас тартты

Путин "Улюкаев ісіне" түсініктеме беруден бас тартты
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин Экономикалық даму министрі болған Алексей Улюкаевтың тұтқындалуын "қайғылы оқиға" деп атап, бірақ бұл оқиға "Роснефть" компаниясының "Башнефть" кәсіпорынын иеленуге ешқандай әсерін тигізбейді деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Путин Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастық (Asia-Pacific Economic Cooperation, APEC) саммиті өтіп жатқан Лимадағы баспасөз мәслихаты кезінде айтқан.
Бірақ Ресей президенті "Улюкаев ісі" мен оның үйқамаққа алынуына қатысты түсініктеме беруден бас тартып,бұл іске қатысты сот пен тергеу ісі айтуға тиіс деді. Ол жемқорлыққа қарсы күрес лауазымына қарамастан барлығына тең қолданылатынын атап өтті. 15 қарашада Ресейдің Тергеу комитеті Улюкаевтың "Роснефть" кеңсесінде ұсталғанын хабарлады. Тергеу ісінің мәлімдеуінше, шенеунік "Башнефтьті" сатып алуда жақсы баға беру үшін 2 млн доллар талап еткен. 15 қарашада сот Алексей Улюкаевты екі айға үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Осыдан кейін Ресей президенті оны қызметінен алды. Улюкаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Оның адвокаты шенеунікке қарсы арандату ұйымдастырды дейді.