Жаңалықтар

Бельгияда реформаға көңілі толмаған мұғалімдер наразылыққа шықты

ашық дереккөзі

Бельгияда реформаға көңілі толмаған мұғалімдер наразылыққа шықты

Брюссельде мұғалімдер мен басқа да мектеп қызметкерлері алаңға шығып, сала бюджетінің қысқартылуына наразылықтарын білдірді деп жазды turkystan.kz Еuronews-ке сілтеме жасап. Валлония және Брюссель федерациясында мұғалімдердің соңғы наразылық шеруі 2011 жылы болған. Бұл жолы наразылық білдірушілердің қатары артып, оларға кәсіподақтар да қолдау көрсетуде. Мұғалімдер шектеу шаралары салдарынан оқу жоспарының үнемі үзілуіне байланысты оқу бағдарламасының нашар орындалуына, шәкірттердің оқу үлгерімінің төмендегені үшін жауапкершілікті алғысы келмейді. Демонстранттар Бельгиядағы наразылықтар жақын арада бүкіл Еуропаға таралатынын ескертті. Себебі, коронавирустың өршуі ұлттық білім беру реформасы тудырған мәселелерді ушықтырып отыр. «Үкімет жұмыс уақытын ұзарту, компьютерлендіру және сынып санын көбейту сияқты күрделі тапсырмалар берді. Біз бұдан әрі шыдай алмаймыз. Біз оқушыларға барымызды саламыз, ұзақ уақыт компьютердің алдында отыруға мәжбүрміз. Ауырып сабақтан қалу мәселелерін біз шешеміз, осының бәрінен шаршадық», - дейді наразылық білдірген мұғалімдер. Жағдай осылай жалғаса беретін болса, бельгиялық мұғалімдер, әсіресе Валлонияда, жақсы жаққа өзгерістер жасау үшін ЕО-ның басқа елдеріндегі әріптестерімен одақ құруға ниетті екендерін білдірді. Олардың тағы бір ұраны: «Мектеп – болашаққа салынған инвестиция».