Тараз әкімінің орынбасары мен кеңесшісі жаға жыртысқан (ВИДЕО)

Тараз әкімінің орынбасары мен кеңесшісі жаға жыртысқан (ВИДЕО)

Тараз әкімінің орынбасары мен кеңесшісі жаға жыртысқан (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Тараз шенеуніктері тағы да даудың ортасында қалды. Бұл жолы Тараз әкімінің орынбасары мен кеңесшісі арасындағы ерегес әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп хабарлады turkystan.kz. Видеодан қос шенеуніктің бір-бірін ғайбаттап жатқанын көруге болады. Мемлекеттік қызметкерлердің бейәдеп әрекетін көпшілік сынға алып, желіде қызу талқылады. Қала әкімдігі бұл жағдай екі ай бұрын болғанын айтты. Әкім кеңесшісінің айтуынша, шаһар басшысының орынбасары мердігермен сөзге келіп қалған. Ал ол оларды ажыратуға тырысқан. Сондай-ақ басы дауға қалған әкімнің кеңесшісі 10 күн бұрын ғана өз еркімен жұмыстан кетті деді. Бұл мәселені енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері қарайтын болды.
«Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев осы қызметке 2020 жылы 26 сәуірде тағайындалған. Ал видеодағы жағдай 2021 жылдың 27 қарашасында болған. Енді оның ары қарайғы қызметіне қаншалықты әсер ететіндігіне Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шешім шығаратын болады», - деді Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова.
Тағы оқи отырыңыз: «Шаш ал десе, бас аласыңдар»: Сапарбаев иттің өлімін мәселе етіп тұр (ВИДЕО)