Меланья Трамп Ақ үйде тұрмай ма?

Меланья Трамп Ақ үйде тұрмай ма?

Меланья Трамп Ақ үйде тұрмай ма?
ашық дереккөзі
Дональд Трамп кеше журналистерге АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп пен олардың 10 жасар ұлы Бэррон онымен бірге Ақ үйде тұрмайтынын айтты, деп хабарлайды Business Insider порталы. «Меланья ұлымның оқуы біткен кезде ғана Ақ үйге келеді», — депді Трамп. The New York Post басылымының хабарлауынша, Меланья мен Бэррон 20 қаңтарда Трамптың инаугурациясы өткен кезде де Манхэттенде болады. «Меланья Бэррон екеуі бір-біріне өте жақын. Сайлау кампаниясы балаға қатты әсер етті. Сондықтан Меланья ұлына барынша жағдай жасап, қасында болмақ», — деп жазды басылым.