Қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген вайнерге іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген вайнерге іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген вайнерге іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Полиция Mudarabah Capital пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевты іздестіруде. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«ҚР ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында («Қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және оған басшылық ету») көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы – күзетпен ұстау», - делінген хабарламада.
Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір мәлімет болса, +7 (701) 758 67 60, +7 (708) 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарлауды сұрайды. Тергеушілердің айтуынша, Саидбаев Mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иесі ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған. Тағы оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнер Мейіржан Төребаев ұсталды Тағы оқи отырыңыз: «Қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты