Олимпиадаға Қытай атынан қатысқан қазақ қыз ана тілінде үндеу жасады

Олимпиадаға Қытай атынан қатысқан қазақ қыз ана тілінде үндеу жасады

Олимпиадаға Қытай атынан қатысқан қазақ қыз ана тілінде үндеу жасады
ашық дереккөзі
Бейжің Олимпиадасында Қытай құрамы сапында өнер көрсетіп жатқан Ақнар Ардақ қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын білдірді. Ол Олимпиадаға конькимен жүгіру спортынан қатысуда деп жазды turkystan.kz ZTB.kz-ке сілтеме жасап.
«Қолдап жатқандарыңызға алғыс айтамын. Бүгін жақсы сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жасымнан бастап коньки тебемін. Отбасым қазір теледидардан жарысымды көріп отыр. Қазақстаннан келген достарымның жақсы нәтижеге жетуіне тілектеспін», - деді ол өз үндеуінде.
Конькиші Ақнар Ардақ 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5 мың метрлік жарысында алтын, 3 мың метрде күміс медаль алған. Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған. Еске сала кетсек, Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан 3 қандасымыз қатысып жатыр.