Ер адам 73 жастағы анасын буындырып өлтірді

Ер адам 73 жастағы анасын буындырып өлтірді

Ер адам 73 жастағы анасын буындырып өлтірді
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Бұхара облысында ер адам 73 жастағы анасын тұншықтырып тастаған деп хабарлады turkystan.kz. Бұхара облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 ақпан күні сағат 13:25 шамасында Бұхорой Шариф махалласында 51 жастағы ер адам 73 жастағы анасымен жанжалдасып, оны буындырып өлтірген. Жоғарыда аталған факті бойынша тәртіп сақшылары аталған елдегі Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша іс қозғады. Күдікті процессуалдық тәртіпте қамауға алынды.