Ер адам 73 жастағы анасын буындырып өлтірді

10 ақпан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ер адам 73 жастағы анасын буындырып өлтірді Өзбекстанның Бұхара облысында ер адам 73 жастағы анасын тұншықтырып тастаған деп хабарлады turkystan.kz. Бұхара облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 ақпан күні сағат 13:25 шамасында Бұхорой Шариф махалласында 51 жастағы ер адам 73 жастағы анасымен жанжалдасып, оны буындырып өлтірген. Жоғарыда аталған факті бойынша тәртіп сақшылары аталған елдегі Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша іс қозғады. Күдікті процессуалдық тәртіпте қамауға алынды.