Сыйға ат мінген генерал Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Сыйға ат мінген генерал Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Сыйға ат мінген генерал Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
2022 жылы 10 ақпанда ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды. Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Ішкі істер органдарында қызмет атқарды, ҚР ІІМ аппаратында жұмыс істеді. Сондай-ақ Алматы және Нұр-сұлтан қалалары ПД басқармаларының бастығы лауазымын атқарды. 2021 жылдан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Еске сала кетсек, Аян Дүйсембаев Атырау облысында Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етіп жүргенде сыйға ат мініп, кейін осы үшін дауға қалған.