Алматы полициясы әншіге іздеу жариялады

Алматы полициясы әншіге іздеу жариялады

Алматы полициясы әншіге іздеу жариялады
ашық дереккөзі
Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz. 2019 жылы музыканттың әйелі Ксения Әшіғалиева күйеуі оны өлтірмек болғанын айтқан болатын. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 1986 жылы 18 наурызда туған Әшіғалиев Бауыржан Жәнібекұлына іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: қамауға алу»,- деп жазды Рустам Әбдірахманов. Жазбада Әшіғалиевке қатысты қандай да бір мәлімет білетін азаматтарға +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефон нөмірлеріне хабарласу керектігі айтылған.