Оқушыны ұрған ұстаз жүрек талмасымен ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Оқушыны ұрған ұстаз жүрек талмасымен ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Оқушыны ұрған ұстаз жүрек талмасымен ауруханаға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Лебединов ауылындағы мектепте оқушыны соққыға жыққан мұғалім жүрек талмасымен ауруханаға түскен, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Қырғыз Республикасының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы орталық комитеті аппаратының меңгерушісі Ирина Афанасьева мәлімдеді. Полиция Аламүдүн ауданында болған оқушы мен мұғалім арасындағы жанжал бойынша істі тергеп жатыр. Ал комитет меңгерушісі мұғалімнің қазір ауруханада жатқанын айтты. «Ол - тәжірибелі ұстаз. 53 жаста. Ұл-қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Мектеп әкімшілігі сөгіс берді. Иә, бұл мұғалім барлық заңдар мен еңбек заңдарын бұзды және т.б. Бірақ, ол адам ғой, ызаға булыққан болар. Соның салдарынан инфаркт болып ауруханаға түсті», - деді Ирина Афанасьева. Әзірге оқиғаның мән-жайы жарияланбады.