Букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін

Букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін

Букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігітова ойын бизнесі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлады turkystan.kz. Сенатордың айтуынша, депутаттарға азаматтардан көптеген өтініштер келіп түседі, олар букмекерлік кеңселерді жарнамалауға қатысты заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.
«Жарнама туралы» қолданыстағы заңға сәйкес казино мен интернет-казино қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ букмекерлік кеңселердің қызметтерін жарнамалауға тікелей тыйым жоқ. Сондықтан мұндай компаниялардың жарнамалары интернетте агрессивті түрде жүріп тұр. Осы фактіні ескере отырып, букмекерлік компанияларды жарнамалауға толық тыйым салу бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет», - деді Дана Нұржігітова.
Сенатордың айтуынша, Қазақстанда құмар ойнайтындардың саны 350 мыңнан асады, ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңге. Депутат бұл мәселеге де назар аударуды сұрады. Ол сондай-ақ ойын бизнесі субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін де атап өтті.