Қақтығыста қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазып алынған

Қақтығыста қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазып алынған

Қақтығыста қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазып алынған
ашық дереккөзі
Қаңтардағы бүлік кезінде қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазылып алынған. Бұл – Бас прокуратураның берген ақпараты. Дегенмен әлі де мәйіттеріне тиісті сараптама жасалмағандар бар, деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап. Бұл ретте бірі жарынан, бірі баласынан айырылған отбасылар сүйекті қайта қорлауға жол бермейміз деп отыр. Ал Бас прокуратура жер қойнынан денесі қайта қазып алынып, эксгумация жасалып жатқан марқұмдар күдікті емес екенін жеткізді. Қайтыс болған адамдардың денесі қылмыстық істе күдікті ретінде танылғандықтан, қайта қазып алынып жатқан жоқ. Қайтыс болу себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тексерулер мен сараптамалар жүргізу қажеттігіне қарамастан, туыстары алып кеткен марқұмдардың денелеріне ғана эксгумация жасалады. Ал балаларын жер қойнына бір ай бұрын тапсырып, қара жамылған отбасылар эксгумацияны тоқтатып, әруақтарға тыныштық берсін деседі.