«Қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты

«Қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты

«Қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталған танымал вайнер халыққа үн қатты
ашық дереккөзі
Қаржы пирамидасын жарнамалаймын деп басы дауға қалған вайнер Мейіржан Төребаев мәлімдеме жасады деп жазды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен қылмыстық іс аясында жәбірленуші ретінде танылдым. Салымшы ретінде полицияға арыз жаздым. Мен Mudarabah Capital компаниясын құрған да емеспін және оны басқарған да жоқпын. Менің өз бизнестерім бар. Қаржы саласында ештеңе түсінбейтіндіктен оларға сеніп, алданып қалдым. Барлық зардап шеккен салымшы сияқты мен де бұл компанияға ақшамды салдым», - деді Мейіржан Төребаев.
Сондай-ақ ол өзін Mudarabah Capital ЖШС құрылтайшысы деген айыпқа қатысты түсінік берді. Вайнер бұл компания 2020 жылдың мамырында құрылғанын айтты.
«Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. 2020 жылдың қыркүйегінде ақша салып, ай сайынғы төлемді күттім. Сол жылдың қарашасында Mudarabah Capital директоры менің күмәнданбауым үшін серіктестік қатысушыларының қатарына қосылуды ұсынды. Мен алдағы уақытта тағы да қомақты қаржы салуды жоспарлап жүргендіктен, бұған бірден келістім. Яғни, компанияға нарықта белсенді жұмыс істеп тұрған кезде ғана қосылдым. Мені «қаржы пирамидасы схемасын ұйымдастырды, құрды немесе басқарды» деп айыптау - әділетсіздік. Бұл - мүлдем бос сөз. Барлық ақпаратты eGov қосымшасынан тексеруге болады. Менің ойымша, полиция қоғамдық пікірді қолдан жасап отыр. Өйткені, полицияға менің халықты қолдап, белсенді мәлімдеме жасағаным ұнамайды және олар мені қылмыстық іске араластырғысы келеді. Мені осы қынжылтады», - деп қосты ол.
Вайнердің айтуынша, заңға сәйкес қатысушылар мен құрылтайшылар компания директорының (атқарушы органның) заңсыз әрекеті үшін жауап бермеуі керек. Себебі, бұл - нағыз қисынсыз дүние. Жарнама үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту - популистік көрініс. Олай болса, зорлық-зомбылық көріністері бар киноларда ойнаған бүкіл әртістерді түрмеге жабу керек дейді вайнер.