Оралда автобус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)

Оралда автобус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)

Оралда автобус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың арасында қандай мәселе туындағанын анықтап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға бүгін таңертең Абай даңғылында, автобус аялдамасы маңында болған. Видео авторының айтуынша, оқиға болған кезде ол жұмысқа бара жатқан.
«Автобус жүргізушілері төбелесті. Қазір жол жүру құны – 80 теңге. Бір жағынан, бұл 80 теңге үшін күрес секілді көрінді», - дейді куәгер.
Полиция департаментінің қызметкерлері қазір тәртіп бұзғандардың іздестіріліп жатқанын айтты.
«Оқиғаға қатысушылар құқық қорғау органдарына жүгінген жоқ. Тәртіп бұзғандар анықталып, жауапкершілікке тартылады», - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі.