Талдықорғандық полицейлер жаппай жұмыстан шықпақ болған

Талдықорғандық полицейлер жаппай жұмыстан шықпақ болған

Талдықорғандық полицейлер жаппай жұмыстан шықпақ болған
ашық дереккөзі
Кеше кешке талдықорғандық полицейлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғимаратының алдына жиналған деп хабарлады turkystan.kz. Orda.kz сайтына бір оқырман Қылмыстық полиция басқармасының қызметкері Кенжебаевтың азаптау фактісі бойынша ұсталғанын хабарлаған. Сол себепті, оның әріптестері жұмыстан шығу туралы жаппай өтініш жазуды жоспарлапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ғимаратына жиналған оларға Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары барған.
«Бірде-бір қызметкер ұсталған жоқ. Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жанына жиналды. 20 минуттан соң тарады», - деді құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.