Джейкобс пен Головкиннің жекпе-жегі наурызда өтуі мүмкін

Джейкобс пен Головкиннің жекпе-жегі наурызда өтуі мүмкін

Джейкобс пен Головкиннің жекпе-жегі наурызда өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
Орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуін иесі, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жектің шамамен қай уақытта болатынын айтты, - деп жазады Vesti.kz. Мұның алдында тараптар жекпе-жекті 10 желтоқсанда өткізу туралы келісім жүргізген, алайда бұл уақытқа дейін егже-тегжейдің бәрін келісіп үлгермей, оны 2017 жылдың басына қалдырған болатын. "Мен келесі жекпе-жекті күтіп жүрмін. Қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз және бәрі жақсы болатын сияқты. Жекпе-жек наурыздың ортасында өтеді деп үміттенемін. Келесі аптада мен залға оралам. Не боларын көреміз. Бұл онымен шыққым келмейтіндігін білдірмейді. Мен тек барлығы дұрыс орындалғанына көз жеткізгім келеді. Қазір бәрі келісімнің іскерлік тұсымен айналысып жатыр. Бір-екі аптада бәрін аяқтаймыз деген ойдамын", - деді Джейкобс Fighthype.com басылымына берген сұхбатында. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Дэниэл Джейкобстың өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын растаған болатын. "Джейкобс бұл жекпе-жекті қалайтын сияқты, біз тек екі жаққа да ұтымды келіссөз жасасқымыз келеді", - деген болатын промоутер. Головкинның өзі Джейкобспен жекпе-жек жыл басына тамаша кездесу болатынын айтқан.